Қазақстан Иранмен ынтымақтастықты арттырмақ

168

Иранға ресми сапары аясында Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Иранның Сыртқы істер министрі Сейед Аббас Аракчимен келіссөздер өткізді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қазақстан Иранмен ынтымақтастықты арттырмақ Фото: Сыртқы істер министрлігі

Министрлер екіжақты өзара іс-қимылдың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады, сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Сауда-экономикалық серіктестікті тереңдетуге ерекше назар аударылып, ынтымақтастықты сапалы жаңа деңгейге шығару қажеттілігі аталып өтті.

"Біз екі ел арасындағы сындарлы әрі қарқынды диалогты кеңейтуді жалғастырамыз. 2024 жылы екіжақты тауар айналымы 12,3%-ға өсіп, 340 миллион АҚШ долларынан асты. Ал 2025 жылдың бірінші тоқсанында бұл көрсеткіш 82%-ға артып, 129 миллион долларды құрады. Біз осы оң қарқынды сақтап, өзара сауданы 3 миллиард долларға дейін ұлғайтуды көздеп отырмыз", - деп мәлімдеді М.Нұртілеу.

Қазақстан және Иран сыртқы саяси ведомстволарының басшылары Каспий өңірін дамыту мәселелері бойынша күш-жігерді үйлестірудің маңыздылығына назар аударды. Сондай-ақ Қазақстанның шекара маңындағы облыстары мен Иран провинциялары арасындағы ықпалдастықты кеңейту және екі елдің Каспий порттарының әлеуетін толық пайдалану маңызды бағыт ретінде аталып өтті.

Тараптар халықаралық алаңдардағы өзара іс-қимылды оң бағалап, аталған бағыттар бойынша жұмысты жалғастыруға уағдаласты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу
OSZAR »